×

Ірі салықтардың бір бөлігін жергілікті бюджетке беру ұсынылды

Осылайша, өңірдегі өзекті мәселелерді шешуді жеделдету керек

 Дәурен Ерболат 14.09.2023 | 16:48
Фото: Halyq Uni

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанда аудандар мен ауылдардың дамуы үшін ірі салықтардың бір бөлігін жергілікті бюджетке беру керектігін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.

Президент Жолдауда еліміз жаңа экономикалық үлгіге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру қажет деді. Сондықтан бюджетті атқару барысында аймақтық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің қаражатты дербес беру құқығын кеңейту ұсынылады, - деді депутат.

Осыған байланысты Сұлтанбек Мәкежанов бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру үшін қолда бар елеулі резервті ескеріп, келесі ірі салықтардың бір бөлігін жергілікті бюджетке беруді ұсынды:

  • Біріншіден, белгілі бір жылдық жиынтық табысы бар белгіленген ірі бизнес субъектілерінен корпоравтивті табыс салығын беруді;
  • Екіншіден, шағын және орта бизнестен өндірілген қосымша құн салығын беру;
  • Үшіншіден, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтарды және өзге де төлемдерді беру ұсынылады.

Сондай-ақ депутат жергілікті бюджетке қосымша құн салығынан түсетін тәуекелдерді төмендету үшін қосымша құн салығын жергілікті бюджетке қайтаруды республикалық бюджет арқылы көздеуді ұсынды.

Ауылдық, аудандық бюджеттерге байланысты төмендегі ұсыныстарды енгізді:

  • Біріншіден, корпоративті табыс салығының және жеке табыс салығының бір бөлігін аудандық бюджетке беру;
  • Екіншіден, шағын және орта бизнеске өндірілген қосымша құн салығын және пайдалы қазбаларды өндіруден түсетін салықтарды аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне беру;
  • Үшіншіден, облыстық бюджетке әлеуметтік салықты беру сияқты мүмкіндіктерді қарау қажет.

«Бұдан басқа, жергілікті жерде қордаланып қалған өзекті мәселелерді шешуді жеделдету үшін жергілікті атқарушы органдарға іс-шараларды қаржыландыруда салықтық жеңілдіктерді ұсына отырып, мәслихаттардың келісімі арқылы шешу құқығын беру;

Бүгінде бизнестегі қызметтің басым түрлерін айқындайтын республикалық комиссияның немесе Үкімет шешімі арқылы ұзақ қаралатын мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға мәслихат келісімі арқылы шешу құқығын беру ұсынылады, - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама