×

Путин мен Ким Чен Ын кездесті (ВИДЕО)

Бізге уақытыңызды бөліп, арнайы шақырғаныңызға, жылы қарсы алғаныңызға рахмет! – деді КХДР басшысы

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2023 | 13:14
Фото: ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Амур облысындағы «Восточный» ғарыш айлағында кездесті.

КХДР басшысы Ресейге кеше брондалған пойызбен барған болатын. Онда Ким Чен Ынды қызыл кілемде Ресей жағынан РФ мен КХДР-дың үкіметаралық комиссиясының төрағасы, Табиғи ресурстар және экология министрі Адександр Козлов пен СІМ мемлекеттік хаттама департаментінің директоры Игорь Богдашев қарсы алды. Осыдан кейін Солтүстік Корея басшысы бастаған делегация құрмет қарауылына ізет етіп, лимузин көлігіне отырып, Ресей президентімен кездесуге жолға шықты.

Ресей президенті кездесуге Владивосток қаласынан келді. Бұл жерде ол Шығыс экономикалық форумына қатысты.

Бізге уақытыңызды бөліп, арнайы шақырғаныңызға, жылы қарсы алғаныңызға рахмет! – деді Ким Чен Ын Путинге.

Әзірше мемлекет басшыларының кездесуде қандай мәселені талқыланғаны туралы атап айтарлықтай ақпарат жоқ. Ресми расталмаған мәліметке қарағанда, РФ президенті КХДР басшысынан Украинадағы соғысқа қару-жарақ сұрамақ. Ал Ким Чен Ын Ресейден ядролық сүңгуір қайықты жетілдіретін технология алғысы келеді деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама