×

Павлодар облысында екі елді мекеннің атауы өзгертілді

Мәслихаттың депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2023 | 17:52
Фото: gov.kz

Павлодар облысы мәслихатының депутаттары жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңға сәйкес екі елді мекеннің атауы өзгерту туралы шешім қабылдады.

Елді мекен атауларын ауыстыру мәселесі облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды. Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес депуттатардың қарауына Ақсу қаласының Алғабас ауылдық округі мен Жолқұдық ауылын Қанаш Қамзин ауылдары деп қайта атау туралы ұсыныс түсті. Успен ауданының Ольгино ауылын Қызылағаш ауылы деп өзгерту ұсынылды.

Қайта атау туралы мәселе облыстық ономастика комиссиясының оң бағасын алды. Депутаттардан осы мәселені қарауды және қолдауды сұраймын, – деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы Медет Тауасқан.

Облыстық мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама