×

Президент шахматшыларды жетістігімен құттықтады

Олар алғаш рет жоғары нәтижеге қол жеткізді

 Дәурен Ерболат 12.09.2023 | 14:54
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медальға ие болуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық.

Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін!» – деп жазды президент Instagram-дағы парақшасына.

Бұған дейін шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылардың күміс жүлдегер атанғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама