×

Жыл соңына дейін 40-қа жуық инклюзияны қолдау кабинеті ашылады

Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар 126 мың бала тіркелген

 Динара Амантай 12.09.2023 | 09:20
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл жыл соңына дейін 40-қа жуық инклюзияны қолдау кабинеті ашылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде инклюзияны қолдау бойынша 5 кабинет ашылған. Жыл соңына дейін тағы 37 кабинет, ал 2027 жылға дейін 200 кабинет ашу жоспарланған. Елімізде барлығы 646 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді.

Бүгінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалған мектептердің үлесі – 80 пайыз. Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар 126 мың баланың 65 пайызы мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған. Қалған балалар арнайы сыныптарда, арнайы мектеп-интернаттарда және үйден оқиды, – деді Орта білім комитеті инклюзивті білім беру бөлімінің бас сарапшысы Алмас Құпаев.

Айта кетсек, өңірлерде инклюзияны қолдау кабинеттерінің желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін 34 ПМПК, 26 ППТК ашу жоспарланған. Биылдың өзінде 3 ПМПК және 2 ППТК ашылды. Бүгінде министрлікте жалпы білім беретін мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға штаттық жеке көмекшіні енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама