×

Александр Винокуров Ironman-нан әлем чемпионы атанды

Атақты спортшы жарыстың екі дүркін жеңімпазы болды

 Дастан Жұмабекұлы 11.09.2023 | 14:56
Фото: Instagram/astanaqazaqstanteam

Велоспорттан Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team клубының бас менеджері Александр Винокуров Францияның Ницца қаласында өзінің жас санатында өткен Ironman жарысында әлем чемпионы атанды. Ол 140,6 мильдік квестте алтын медальді жеңіп алды.

Бұл жарысқа барынша дайындалдым. Өйткені жақында Шотландияның Глазго қаласында өткен әлем чемпионатындағы жетістігімді қайталағым келді. Осы мақсатыма жеттім де. Бұл – менің Ironman-дағы екінші жеңісім. Ниццадағы жолмен бұрыннан таныспын. Бұл жерде мен Тур де Франс кезінде жарысқанмын. Сондықтан маған оңайырақ болды. Алтын жүлдені жеңіп алғаныма, әрине, қуаныштымын! – деді Винокуров.

Ол жарысқа дайындалу үшін уақыт тауып, жаттыққан. Таңертең ерте тұрып дайындалған. Содан нәтиже шығып, алтын медаль жеңіп алып отыр.

Айта кетсек, 16 қыркүйекте Александр Винокуров 50 жасқа толады.

Бұл жеңісті барша Қазақстан халқына және 50 жылдық мерейтойым қарсаңында ата-анама арнағым келеді, – деді велошабандоз.

Александр Винокуров – 2006 жылы Испанияда өткен Вуэльта жарысының жеңімпазы. 2012 жылы топтық сында Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ ол UCI демеушілігімен өткен түрлі беделді веложарыстардың жеңімпазы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама