×

Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия кездесуін тамашалауға барды

Кездесу футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр

 Халық үні 10.09.2023 | 19:30
фото: tengrinews.kz

Бүгін, жексенбі күні елордадағы «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияға қарсы матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Ел астанасындағы «Астана Арена» стадионында өтіп жатқан футболдан Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойынын тамашалауға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен әлемге әйгілі қазақстандық спортшы Геннадий Головкин де келген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді. Кездесу футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр, - делінген Ақорда хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама