×

Қазақстандық бір күнде 52 тісін «емдеткен»

2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22,9 мың жалған жазба анықталды

 Халық үні 09.09.2023 | 22:01
ашық дереккөзден

Қазақстандық азамат бір күнде 52 тісін емдеткен, деп хабарлайды Ұлттық арна. 

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында МӘМС аясында 23 мыңға жуық жалған жазба анықталды. Яғни, дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарды жалған қабылдауларға жазған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан айтты. 

«2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22,9 мың жалған жазба анықталды. Олардың ішінде пациенттерге бір күнде бірнеше рет стоматологиялық қызмет көрсету фактілері бар. Мысалы, бір науқас бір күнде 52 тісін емдеткен. Яғни, орындаушылар көрсетілген қызметтер санын көбейтіп жаза берген. Сол сияқты 1 қызметкер 1 600-ден астам массаж қызметін көрсетті деп жазылған. Яғни, ол күніне ұзақтығы 30 минуттан 80 рет массаж жасап отырған. Ал есептеп қарасақ, бұл үшін оған күніне 40 сағат үзіліссіз жұмыс істеу керек емес пе?!»  - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама