×

Қазақстан оқушылары роботтармен жарысады

Сондай-ақ Олимпиадада балалар ғылыми жұмыстарын ұсынады

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2023 | 15:19
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және Caravan of Knowledge қоғамдық қорлары ұйымдастырған FIRST Global Challenge робототехника бойынша Олимпиаданың ұлттық іріктеу кезеңі болып жатыр.

Бұл сынға Моңғолия мен Өзбекстан командалары да қатысады. Сингапурдағы робототехникадан өтетін Олимпиадада ел атынан барлығы 200-ден астам оқушы бақ сынайды.

FIRST Global Challenge – робототехника бойынша ең үлкен Олимпиада. Өткен жылы Женевада біздің команда керемет жеңіске жетіп, чемпионаттың алтын жүлдесін жеңіп алып, төрешілердің екі жоғары марапатын әкелді. Биыл біз өз табысымызды қайталауға және еліміздің намысын қорғау үшін ең мықты ақыл-ойларды іріктеуге бар күшімізді салдық, – деді USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Биылғы жарыстың тақырыбы сутектің жанармай мүмкіндіктеріне негізделген. Онда мектеп оқушылары имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтар жасайды. Сондай-ақ оқушылар өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама