×

Өзбекстанда ұшақтан 8,5 тонна есірткі тәркіленді

Көкнәр сабаны кеден бекетінде анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2023 | 11:52
Фото: aktualno.uz

Өзбекстан Республикасы Кеден комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметі «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешені «Авиажүктер» сыртқы экономикалық қызмет кеден бекетінде шетелден Өзбекстанға ұшақпен әкелініп, кейін жүк көлігімен транзиттік режимде тасымалдануы жоспарланған салмағы 25 тонна болатын 1 мың қап кондитерлік көкнәр тұқымы азық-түлік тауарлары белгіленген тәртіппен кедендік тексеруден өтті.

Өзбекстан Кеден комитетінің хабарлауынша, олардың арасынан нағыз есірткі санатына жататын 8,5 тонна көкнәр сабаны бар екені анықталған.

Әдетте әртүрлі пісірілген өнімдерге қосылатын немесе үстіне себілетін кондитерлік көкнәрға ұқсас болғанмен, одан айтарлықтай ерекшеленеді. Яғни, бұл өнім – көкнәр тұқымдасына жататын шөп өсімдіктерінің арнайы дайындалып, өңделген тұқымы. Алайда кедендік тексеру кезінде құжаттарда кондитерлік көкнәр деп көрсетілген 25 тонна тұқым мен сабанның ішінде нағыз есірткі болып саналатын 8,5 тонна көкнәр сабаны бар екені анықталған, – делінген хабарламада.

Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Өзбекстан Республикасының аумағына әкелу, әкету және транзиттеу тәртібін, сондай-ақ олардың айналымын бақылауды жетілдіру туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы 330 санды қаулысына сәйкес, көкнәр сабаны республика аумағында тыйым салынған есірткі болып саналады. Қазір бұл жағдайға байланысты кеден органдары қылмыстық іс қозғады.

Бұл ретте Өзбекстан кеден қызметінде соңғы 30 жылда 8,5 тонна есірткіні бір уақытта анықтап, тәркілеу жағдайы алғаш рет болып отыр.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама