×

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды

 Халық үні 08.09.2023 | 08:45
Фото: ҚР ҰОК

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды.

Olympic.kz жазуынша, ХОК президенті Томас Бах тиісті хатпен ҚР ҰОК-ті хабардар етті.

«Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын төрағалар қарап, мен сізді «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бастап «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі. 

Сондай-ақ ол 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Ұлттық олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама