×

Павлодарда жас қыз 82 жастағы зейнеткердің бар ақшасын ұрлаған

Күдікті анықталып, ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2023 | 11:35
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі жақында жас қыздың 82 жастағы зейнеткердің 2,5 млн теңгесін ұрлап кеткенін хабарлады.

Полицияның мәліметіне қарағанда, ол қарт кісінің үйінің кіреберісінде ақшасын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Зейнеткер белгісіз адамға ақшасын қалай бергенін былайша түсіндіріп берді... Оған немересі хабарласқан. Ол қала телефонынан қоңырау шалып, көз жасына ерік беріп, ақша сұраған көрінеді. Немересі жол-көлік оқиғасы болғанын, одан жүргізуші зардап шеккенін, оған операцияға және қылмыстық істі тоқтатуға шұғыл ақша қажет екенін айтып сендірген. «Жол апаты менің кесірімнен болды» деген. Осылайша, зейнеткер ақша үшін келген қызға жинаған бар қаражатын санап бере салған. Қыз содан кейін қашып кеткен, – делінген департамент хабарламасында.

Осыдан кейін полиция зейнеткерді алдаған адамның соңына түсіп, оны іздеуге кіріседі. Күдікті көп ұзамай ұсталған.

Тергеу кезінде күдіктінің Telegram мобильді қосымшасында жұмыс іздеп, бір чатқа кіргені анықталды. Онда оған ақшаны алып келу және оны картамен аудару жұмысы ұсынылыпты. Ол соған сеніп, ақшаны алып келу жұмысымен айналысқан.

Қазір 25 жастағы қала тұрғыны осыған ұқсас тағы 3 қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама