×

Түркияда жол апатына түскен тағы бір отандасымыз көз жұмды

Атыраулық жас отбасы ұл-қыздарымен Анталья қаласына саяхаттап барған

 Халық үні 06.09.2023 | 22:47
фото: ашық дереккөзден

Түркияда жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан тағы бір отандасымыз көз жұмды. Нұрболат Құрмашов екі күн бұрын отбасымен жол апатына ұшыраған.

Айта кетейік, атыраулық отбасы мінген сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысқан еді. Апаттан атыраулық журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жастағы қызы оқиға орнында көз жұмған.

Ал қатты жараланған 34 жастағы жолдасы жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін оның да ақтық демі үзілгені туралы қаралы хабар жетті.

Атыраулық жас отбасы ұл-қыздарымен Анталья қаласына саяхаттап барған. Марқұмдардың сүйегі елге ертең жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама