×

«Ұлы дала жорығы»: бірінші күннің қорытындысы шықты

Марафоншылар 50 шақырым межені аяқтады

 Халық үні 06.09.2023 | 19:50
фото: Halyq Uni

Бүгін «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге марафонының бірінші кезеңінде шабандоздар 50 шақырым межені жүріп өтті, деп хабарлайды Halyq Uni

Бірінші кезеңнің 50 шақырымын алғашқы болып Жамбыл облысы 2 сағат 23 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздары 2 сағат 57 минутта екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 2 сағат 58 минутта үшінші болып келді. 

Еске сала кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің шабандоздары 14 күндік марафонға аттанғанын жазған болатынбыз. 

«Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы, Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

Жобаның басты серіктестері: «Аманат» партиясы, Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына 9 (Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Жамбы ату, Теңге ілу, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Асық ату, Тоғызқұмалақ) спорт федерациялары кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама