×

Дәрігерлердің саны қай қалада басым?

Қазақстанда бір жылда ауруханалардың саны 5,8%-ға өскен

 Дәурен Ерболат 06.09.2023 | 18:18
Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросы дәрігерлердің саны қай қалада басым екенін хабарлады.

2022 жылдың соңына қарай елімізде ауруханалардың саны 818-ге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға артық. Ауруханалардың ең көп саны Шымкент қаласында – 88, ең азы Ұлытау облысында – 11.

2022 жыл соңында барлық мамандықтағы дәрігердің саны 79 мың 409 адам болды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға өсті.

Өңірлер бөлінісінде дәрігерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында: 13 859 және 9 937 маман.

10 мың адамға шаққанда дәрігерлер санының қатынасы Астана қаласында ең көп – 73,4 маманнан, кейін тізімде Алматы қаласы – 64,1, Қарағанды облысы – 50,3 дәрігер тұр.

Дәрігерлердің халық санына шаққандағы қатынасы Алматы облысында ең аз – 23 дәрігер (10 мың адамға шаққанда).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама