×

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 06.09.2023 | 17:21
Фото: gov.kz

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Нұрмұхамед Байғараев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін тәмамдаған. АIQYN газетінің бас редакторы, AMANAT партиясы Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды жүргізді. Республикалық Egemen Qazaqstan газеті АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.

2022 жылы 16 тамызда Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

Сонымен бірге, Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметтен Болат Анапияұлы Тілеп босатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама