×

Қазақстанға 6-8 қыркүйекте Албания президенті ресми сапармен келеді

Екі ел басшысы халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады

 Динара Амантай 06.09.2023 | 15:00
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама