×

Президент жаңа министрді қабылдады

Мемлекет басшысы Ерлан Нысанбаевқа бірқатар тапсырма берді

 Динара Амантай 06.09.2023 | 11:55
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экологиялық заңнаманы іске асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сонымен бірге ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асырылуын, сондай-ақ осы нысандардағы шығарындыларға мониторинг жасау үшін автоматтандырылған жүйе енгізу ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі ормандағы өрт ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Бұған қоса ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны іске асыру және ретсіз пайда болған қоқыс полигондары мәселесін шешудің кешенді тәсілдерін әзірлеудің маңызды екеніне назар аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама