×

Алматыда Мұхтар Әлиевтің құрметіне конгресс өтеді

Жиынға әлемнің 10 елінен келген мамандар қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2023 | 13:12
Фото: krmu.edu.kz

8-9 қыркүйекте Алматы қаласында академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына арналған «Академик М.А. Әлиевтің Қазақстан хирургиясын дамытуға қосқан үлесі» атты Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өтеді.

Конгресті Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ мен «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ ұйымдастырып отыр.

Оның жұмысына спикерлер мен лекторлар ретінде Жапония, Корея, Үндістан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстанның ғылыми орталықтары мен жоғары медициналық оқу орындарының жетекші мамандары қатысады.

Конгрестің бағдарламасы әлемдегі медицина ғылымының маңызды жетістіктеріне, хирургиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және профилактикасындағы жаңа бағыттарға арналған және жетекші шетелдік клиникалармен озық тәжірибе алмасуға, гепатопанкреатобилиарлы хирургия, асқазан-ішек және эндокриндік ағзалар хирургиясы, сондай-ақ ағзаларды трансплантаттау және шұғыл хирургия сияқты күрделі салалардағы білім деңгейін жақсартуға бағытталған.

Конгреске қатысушылар хирургияның соңғы жетістіктері мен тенденцияларын талқылауға мүмкіндік алып,баяндама жасап, пікір алысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама