×

Алматылық бозбала TikTok үшін жол өрежесін өрескел бұзған (ВИДЕО)

Оның үстінен 7 хаттама толтырылды

 Дәурен Ерболат 05.09.2023 | 10:18
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Алматыда полиция жол өрежесін өрескел бұзып, видеосын TikTok әлеуметтік желісіне жүктеген 19 жастағы бозбаланы ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі тәртіп бұзған күдіктіні іздестірді. Нәтижесінде 19 жастағы М. атты жігіт ұсталды.

Оның үстінен мынадай құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды:

  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 601-бабы 1-бөлігі – 5 хаттама (Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамау);  
  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының төтенше жағдайдың туындауына әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзуы);
  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережесін бұзу).

Сондай-ақ жас жүргізуші алдағы уақытта да жол ережесін бұлай өрескел бұзбас үшін онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама