×

Тәжікстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Энергетикалық санаты – 11.2

 Халық үні 04.09.2023 | 21:32
Фото: pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 13.08-де жер сілкінісін тіркеді. 

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 693 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр.

Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 4.9. Эпицентр координаттары – 38.26° с.е. 71.90° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 4 қыркүйекте сағат 17.47-де Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 630 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді.

Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 42.13° с.е. 84.44° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет тіркелмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама