×

Түркиядағы қазақстандықтардың қазасы: СІМ түсінік берді

Олар бүгін елге оралуы керек еді

 Динара Амантай 04.09.2023 | 15:40
Фото: facebook.com/bisembieff

Түркияда жол апатынан қазақстандықтардың қаза табуына қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Аланияда жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстаннан келген отбасы зардап шеккен болатын.

Қайғылы оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қаза тапты. Отағасы – 1986 жылы туған ер адам ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы ауруханада, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеген. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен отбасының туыстарымен байланыста. Оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілетін болады, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болған және бүгін үйге оралуы керек еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама