×

Президент Арман Шаққалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы жаңа министрге бірқатар нақты тапсырма берді

 Динара Амантай 04.09.2023 | 12:57
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама