×

Зеленский Украина Қорғаныс министрі Резниковті қызметінен босатты

Орнына 41 жастағы Рустем Умеровтың кандидатурасы ұсынылды

 Дастан Жұмабекұлы 04.09.2023 | 10:15
Фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Украина президенті Владимир Зеленский Қорғаныс министрі Алексей Резниковті қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Зеленский 4 қыркүйекке қараған түні айтты.

Зеленский жаңа Қорғаныс министрі қызметіне Рустем Умеровты ұсынды. Ол мемлекеттік мүлік қорының басшысы қызметін атқарған. Енді жаңа қызметін Украина Жоғары Радасы (Парламент) бекіту керек.

Умеров – 41 жаста. Ол Өзбекстанның Булунгур қаласында депортацияланған Қырым татарларының отбасында туған. Бірнеше инвестициялық қордың басқарушы директоры болған.

2019 жылы Умеров Жоғары Радаға депутат болып сайланды. 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кезде РФ-мен жүргізілетін келіссөздер тобының құрамында болды. Сол кезден бері мемлекеттік мүлік қорын басқарды.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Алексей Резников отставкаға кеткеннен кейін Украинаның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігіндегі елшісі болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама