×

«Танымал блогер» елордалық 40 қызды бопсалаған

Қаскөйлер Instagram және Telegram арқылы ресейлік блогердің атынан жалған парақшамен қыздармен танысқан

 Халық үні 03.09.2023 | 23:24
Фото: Голос народа

Астанада алаяқтар ресейлік танымал блогердің атынан 40 қызды интим суреттерімен бопсалаған, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, қаскөйлер Instagram және Telegram арқылы ресейлік блогердің атынан жалған парақшамен қыздармен танысқан.

Ұзақ хат алмасу арқылы олар сенімге кіріп, содан кейін қыздардан интим суреттерімен алмасуды ұсынған. Алға қарай олар бопсалау құралы ретінде дәл осы суреттерді қолдана отырып, ақша талап ете бастаған.

Қылмыскерлерді Астана қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іздеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлер анықталған.

«Қазір бопсалау мен алаяқтыққа байланысты 40 дерек анықталды. Қылмыстық кодекстің 194 және 190-баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама