×

«Жүз пайыз жеңемін!»: британдық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағының барлығынан айырылған

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2023 | 18:06
фото: kapital.kz

Орта салмақтағы британдық боксшы кіші Крис Юбэнк өзінің отандасы Лиам Смитті жеңгеннен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге үндеу тастады.

Мен GGG-мен рингке шыққым келеді. Оның қазір қайда екенін білмеймін, бірақ Геннадий қайда жүрсең де айтайын, бар атақтың сенің қолыңда жүргеніне көп болды. Мен солардың бірін алып, сені жеңгім келеді. Жүз пайыз! - деді жеңісінен кейін кіші Юбэнк.

Ал негізі Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағының барлығынан айырылған.

Айта кетсек, Юбэнк пен Смит Манчестердегі (Ұлыбритания) бокс кешінде басты жекпе-жекті өткізді. Бұл жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол көпке созылмады. 10-раундта Юбэнк қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып кетті. Сондай-ақ Смит 4-раундта нокдаунға ұшыраған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама