×

Қазақстанның әйелдер құрамасы өрт-құтқару спортынан 3-орын алды

Ерлер құрамасы 4-орын алды

 Халық үні 03.09.2023 | 17:05
Фото: gov.kz

2023 жылғы 2 қыркүйекте Түркия Республикасының Стамбул қаласында Бурхан Фелек орталық стадионында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатының бірінші күні оқу мұнарасының 2,4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу түрі бойынша өтті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазақстанның  командасы 20 спортшыдан (10 ер адам және 10 әйел адам) құрылған, олар ерлер мен әйелдер құрамалары. Жарысқа барлығы 14 елдің өкілдері қатысуда. Олардың ішінде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Австрия, Болгария, Камерун, Словакия, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Қытай, Иран, Әзірбайжан, Моңғолия бар.

Бірінші болып ерлер құрамасы өнер көрсетті. 14 ерлер құрамасы арасында Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы IV орынға ие болды. Үздік нәтижені Әбдібек Еркін 13,9 секунд уақытпен көрсетті.

Келесі кезекте әйелдер құрамасы өнер көрсетті. Осы түрдегі 9 әйелдер құрама командасы арасында Қазақстан Республикасының әйелдер ұлттық құрама командасы жүлделі III орынға ие болды. Үздік нәтижені Тұрсын Айдана көрсетті. 7,2 секунд нәтижесімен ол үздік сегіздікке еніп, бірінші жартылай финалдық жарысқа қатысты, сондай-ақ осы түр бойынша Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты (бұрынғы рекорд 7,28 секунд).

Кешке Бурхан Фелек стадионында әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Стамбул қаласының мэрі Экрем Имамоглу, Стамбул қаласының Өрт сөндіру қызметінің бастығы Ремзи Альбайрак, Халықаралық өрт сөндірушілер спорт федерациясының президенті Александр Чуприян және Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы дирекциясының директоры Андрей Калинин құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін әйелдер мен ерлер арасында ақтық жарыстар өтті. Бірінші күннің қорытындысы бойынша Беларусь Республикасының өкілдері Виктория Тишкевич 7.2 секунд уақытпен және  Уколов Никита 13 секунд уақытпен әйелдер мен ерлер арасында әлем чемпиондары атанды.

Ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионаты және өрт сөндіру-құтқару спортынан әйелдер арасындағы IX әлем чемпионаты 2023 жылдың 6 қыркүйегіне дейін Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының қолдауымен өтетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама