×

Оралда «трамадол королі» атанып кеткен Николай Карпов ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 02.09.2023 | 20:55
Фото: uralskweek.kz

Орал қаласында «трамадол королі» атанып кеткен Николай Карпов ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 

ПД-нің мәліметінше, Орал қаласының 1976 жылғы тұрғыны 2 қыркүйекке қараған түні қолға түсті.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, ол ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшердегі алаяқтық) сәйкес күдікке ілініп отыр.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама