×

Президент Ішкі істер министрін қызметінен босатты

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 02.09.2023 | 11:03
Фото: informburo.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның орнына Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама