×

«19 жастағы екі қыз қылмыс үстінде ұсталды»: Қостанайда сот басталды

Студенттер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

 Халық үні 01.09.2023 | 23:10
ашық дереккөзден

 

Қостанайдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталған 19 жастағы екі қыздың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары».

Студенттер Ангелина Антипенко мен Анастасия Савостьянова аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатып алу және сату қылмыстары бойынша айыпталып отыр.

Екеуі де есірткіні жасырып кету әрекеті үстінде ұсталды. Біреуінен ұнтақ салынған ондаған түйіншек табылды.

Ұсталған күні қыздар бекітілген жерлерде – тұрғын үйдің кіреберісіне бірнеше дозаны қойып үлгергені анықталды. Сондай-ақ бойжеткендердің үйін тінту кезінде «синтетика» мен гашиш табылды.

Студенттер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Әзірге қыздар елден шықпау туралы қолхатпен жүр. Мұндай істе осылай еркін жүру сирек берілетін мүмкіндік.

Сотқа Ангелина Антипенконың заңды өкілі саналатын анасы келмей қалған. Сол себепті сот отырысы кейінге қалдырылды. Қыздарды қолдауға екі құрбысынан басқа ешкім келмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама