×

Қазақстан халқының қашан 20 млн-ға жететіні белгілі болды

Қазақстандықтарың өмір сүру жасы ұзарып келеді

 Дәурен Ерболат 01.09.2023 | 12:29
фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы қашан 20 млн-ға жететінін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс.

Елімізде жыл сайын 400 мыңнан аса бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 млн-ға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар, - деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Үкіметке қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану міндеті жүктелетінін жеткізді.

«Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама