×

UEFA Чемпиондар лигасы топтық турнирінің жеребесі тартылды

Финал 2024 жылғы 1 маусымда Лондон қаласында болады

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2023 | 09:51
Фото: championat.com

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Топтық турниріне қатысатын 32 команда 8 топқа төрт-төрттен бөлінген. Мұнда әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына шығады.

А тобы: «Бавария» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Копенгаген» (Дания), «Галатасарай» (Түркия);

В тобы: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), ПСВ (Нидерланд), «Ланс» (Франция);

С тобы: «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Брага» (Португалия), «Унион Берлин» (Германия);

D тобы: «Бенфика» (Португалия), «Интер» (Италия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Реал Сосьедад» (Испания);

E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Лацио» (Италия), «Селтик» (Шотландия);

F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Милан» (Италия), «Ньюкасл» (Англия);

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Янг Бойз» (Швейцария);

H тобы: «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия), «Шахтер Донецк» (Украина), «Антверпен» (Бельгия).

Топтық турнирдің бірінші туры 19-20 қыркүйекте болса, екінші тур – 3-4 қазан, үшінші тур –  24-25 қазан, төртінші тур –  7-8 қараша, бесінші тур –  28-29 қараша, алтыншы тур 12-13 желтоқсанға белгіленген.

Ал 1/8 финал 2024 жылдың 13-14, 20-21 ақпан, 5-6, 12-13 наурызда болса, 1/4 финал –  9-10, 16-17 сәуір, жартылай финал – 30 сәуір-1 мамыр, 7-8 мамырға белгіленген.

Үздік командалар 1 маусымда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында кездеседі. Бұл жерде финал болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама