×

«Яндекс» жүргізушісі көлікте насыбай атып келе жатып, ұйықтап кеткен

Осы мәселеге қатысты блогер «Яндекс» компаниясына сауал жолдаған

 Халық үні 31.08.2023 | 22:58
фото: taxi.kz

Блогер Айсұлу Нарымбекқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында «Яндекс» жүргізушісі көлікте насыбай атып келе жатып, ұйықтап кеткенін айтты.

Яндекс, такси жүргізушілеріне назар аударыңыздар! Салонда 3 баламен болдық. Жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып, насыбай атып отырды. Сөйтіп, ұйықтап кетті. Рөлде отырып. Біздің ескертуімізді елемеді. Өйткені ұйқылы-ояу күйде отырды. Бағаны аспаннан алғандарыңыз аздай, енді жүргізушілеріңіз де аспанда қалықтап жүр, – деді блогер. 

Осы мәселеге қатысты ол «Яндекс» компаниясына сауал жолдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама