×

Қазір жұмысшылар 135 мың теңге жалақы алып жүр – Үкімет басшысы

Олардың еңбекақысы көбейеді

 Дәурен Ерболат 31.08.2023 | 12:26
Фото: Halyq Uni

Бүгінде тұрғын үй кешені саласында еңбек етіп жүрген жұмысшылар 135 мың теңге жалақы алып жүр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы алдымен президент тапсырмасының қалай орындалып жатқанын баяндады.

Тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасы іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 2029 жылға дейін коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 20% төмендеуге тиіс.

Жаңа тарифтік саясат тарифті қалыптастырудағы бүкіл процестің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделеді. Бұл 62 мың шақырым инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға 3 трлн теңгеден аса инвестиция тартуға, сондай-ақ 25 мың шақырым иесіз желілерді балансқа қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.

Ол құрылыста еңбек етіп жүрген жұмысшылардың жалақысы аз екенін мойындап, олардың еңбекақысы артатынын атап өтті.

Тұрғын үй кешені саласындағы 200 мыңнан аса жұмысшының жалақысы қазіргі 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін артады, - деді Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама