×

Түркістан облысының тұрғыны көршісін балағаттағаны үшін қамауға алынды

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 31.08.2023 | 10:52
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысының Отырар аудандық сотында көршісіне былапыт сөздер айтқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол аудандық соттың 2023 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Сотта құқық бұзушының 2023 жылғы 22 тамызда сағат 11:40 шамасында Отырар ауданы, Шойманов ауылында жәбірленуші С.Н.-ға былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйластық танытпағаны анықталды.

Сот ер адам әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезiніп, зиянды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен, әкiмшiлiк құқықбұзушылықты қасақана жасаған деп таныды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама