×

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады

 Динара Амантай 31.08.2023 | 10:44
Фото: dreamstime.com

Республикалық комиссияның шешімімен биылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

Еске сала кетсек, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау 4 лекке бөлінген. Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендия иегерлерінің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама