×

Украинаның дрондары Ресейге шабуыл жасады

Қырымның Севастополь қаласына да соққы берілді

 

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2023 | 16:05
Фото: antikor.com.ua

Бүгін түнде Украинаның камикадзе-дрондары Ресейдің бірнеше қалаларын шабуыл астына алды. Псков облысының әуежайында төрт Ил-76 ұшағы шабуылдың кесірінен жарылып кетті. Тағы бес ұшақ зақымдалған. Оның ішінде Ту-22 зымыран тасығыш бар.

Псков қаласының өзі  Украинадан 700 шақырым жерде орналасқан.

Тағы бір үлкен жарылыс Брянск қаласында болды. Бұл жерде микроэлектроника зауыты жарылды.

Бүгін Украина әскері Қырымның Севастополь қаласына шабуыл жасады. Украина Қарулы күштері бас барлау басқармасының өкілі Андрей Юсовтың айтуынша, тағы бірнеше ұшақ зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама