×

Шымкенттің полициясына жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметті генерал-майор Думан Таев атқарады

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2023 | 11:26
Фото: polisia.kz

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жаңа басшыны Шымкент қаласы әкімдігінің активіне министр Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы – Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы.

ІІМ басшысы оның тәжірибесі мен кәсібилігін ерекше атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады. Ішкі істер министрі оның өз ісіне адалдығына құрмет білдіріп, атқарған ісіне жақсы баға берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама