×

Алматыда дүкен ішінде бейтаныс әйелдің кеудесінен ұстаған ер адам қамауға алынды

Ол ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан

 Халық үні 29.08.2023 | 19:46
фото: видеодан скриншот

Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

18 тамыз күні қаладағы супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан табылып ұсталды.

1988 ж.т., Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан. Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама