×

Елімізде АӘК алатын кедей отбасылардың саны азайып келеді

Алайда жәрдемақы алатын отбасылардың саны артқан

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 16:16
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын кедей отбасылардың саны азайып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде елімізде кедейлік шегінен төмен деңгейдегі отбасыларға АӘК төленеді.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АЕК алатын 539 мың адам немесе 102 мың отбасы бар. Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр АӘК-ті 700 мыңнан аса адам немесе 141 мың отбасы алды. Көріп отырғанымыздай, АЕК алатындардың саны азайып келеді. Оның ішінде балалардың үлесі – 65% немесе 355 мың бала. Биыл 1 қаңтардан бастап осы отбасыларда тұратын 1-6 жастағы балаларға қосымша түрде кепілдендірілген төлем беріледі. 1,5 АӘК (5 175 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) әр бала үшін төленеді, - деді министрдің орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Назгүл Сағындықова жәрдемақы алатын көпбалалы отбасылардың саны өсіп жатқанын жеткізді.

«2019 жылы 250 мың отбасы көпбалалы ретінде жәрдемақы алса, қазір олардың саны 545 мыңға жетті. Мемлекеттен көмек алып жатқан отбасылардың саны артты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама