×

Қазақстандықтардың көпшілігі медициналық көмектің сапасын оң бағалайды

Damumed қосымшасында респонденттердің тек 2,96%-ы теріс пікір қалдырған

 Динара Амантай 29.08.2023 | 09:28
Фото: novyefoto.ru

Қазақстандықтардың көпшілігі медициналық көмектің сапасын оң бағалайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл Damumed қосымшасында медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау мониторингі 3,3 млн тұтынушының үштен екісінен астамының (74,23%), яғни 2,5 млн-ға жуық адамның көрсетілген медициналық көмекке оң баға бергенін, 0,6%-ы «қанағаттанарлық» деңгейде бағаланғанын және 2,96%-ы теріс пікір қалдырғанын көрсетті.

Медициналық қызметтерді оң бағалағандардың 74,23%-ы – 8 млн 844 мың 876 адам медицина қызметкерлеріне алғысын білдірсе, 762 мың 703-і медициналық көмек көрсету сапасына толық қанағаттанған. Ал 226 мың 616 адамның медициналық көмек көрсетудің сапасына шағымы жоқ. Сондай-ақ 377 мың 148 адам дәрігерлердің уақтылы қабылдайтынын атап өткен.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мобилдік қосымшаның деректеріне сәйкес, 3,8 млн пайдаланушыдан 94%-ы медициналық көмектің сапасына оң баға, тек 1,1%-ы «қанағаттанарлық» баға берді және респонденттердің 4,72%-ы көрсетілген денсаулық сақтау қызметтеріне теріс баға берді. Мобилдік қосымшаның пікірлер бағанында 1 млн 252 мың 214 адам медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, 1 млн 80 мың 469 пациент медициналық көмек көрсетудің сапасына толық қанағаттанғанын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама