×

«3 градусқа дейін суытады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

 Халық үні 28.08.2023 | 20:15
Фото: klike.net

Синоптиктер 29 тамыз – 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай жарқылдап, қатты жел соғады, бұршақ та жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады.

Түнде ауа температурасы +3-11 градусқа дейін, күндіз +10-18 градусқа төмендейді.

Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тамыздың соңында ғана күн жылы болады.

1 қыркүйекке қарай температура түнде +10-15 градус, күндіз +20-25 градус болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама