×

Республикалық «Асық ату» федерациясының жаңа президенті сайланды

Федерацияның президенті болып Аслан Қуанышұлы Сұлтанов сайланды

 Халық үні 28.08.2023 | 20:03
Фото: «Асық ату» федерациясы

Бүгін республикалық «Асық ату» федерациясы құрылтайшыларының жалпы жиналысы хаттамасына сәйкес тағайындалған республикалық «Асық ату» федерациясының жаңа президенті таныстырылды. Федерацияның президенті болып Аслан Қуанышұлы Сұлтанов сайланды.

Аслан Сұлтанов «White Hill Capital» компаниясының тең құрылтайшысы, Басқарушы серіктесі болып табылады.

Аслан Қуанышұлы 2004 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында «Іскерлік басқару және бухгалтерлік есеп» мамандығын үздік бітірген. CFA, CFA (Chartered Financial Analyst) Institute ІІІ-ші деңгейлі кандидаты. Antwerp Managements School (Бельгия) магистранты.

Сондай-ақ, А. Сұлтанов Венчурлық капитал және Қазақстанның тікелей инвестициясы қауымдастығының басқарма төрағасы.

Инвестиция саласындағы еңбек өтілі 18 жылдан асады.

Айта кетейік, республикалық «Асық ату» федерациясы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов. Ол елімізге белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама