×

Украина әскері соғыс тактикасын өзгертті – The Guardian

Кездесу 5 сағатқа созылған

 Дастан Жұмабекұлы 28.08.2023 | 15:28
Фото: zerkalo.az

Украина қарулы күштері НАТО өкілдерімен кеңескеннен кейін тактикасын өзгертті, деп хабарлады Ұлыбританияның The Guardian басылымы.

Кездесу Польша мен Украина шекарасындағы құпия орында болып, шамамен 5 сағатқа созылған.

Британдық басылымның хабарлауынша, кездесуден кейін Украина әскері Запорожье облысындағы майданға басымдық беретін болып шешті. Қазір екі жақтың қарулы күштері Запорожье облысында шайқасып жатыр.

Кездесуге Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный, НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің жетекшісі, генерал Кристофер Каволи мен Ұлыбритания қорғаныс штабының бастығы Энтони Радакин қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама