×

Шымкентте құтқарушылар төтенше жағдайға дайындалып жатыр

Олар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

 Дәурен Ерболат 28.08.2023 | 11:35
Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте ауа райының өзгеруіне байланысты мамандар төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындалып жатыр, деп хабарлады қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

28 тамызға қараған түні қалада бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнаған еді. Салдарынан қала көшелері мен үйлерді су басқан.

Биыл 27-28 тамызда басқарма мамандары жалпы 8 мекенжай бойынша су сору жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 367 м3 су шығарылды. Жұмысқа ТЖД-ның 12 техникасы, 11 мотопомпа және 37 маманы жұмылдырылды.

  •  Абай ауданы бойынша жалпы 5 мекенжайда 310 м3 су;
  • Әл-Фараби ауданынан жалпы 1 мекенжайда 2 м3 су;
  • Еңбекші ауданында жалпы 1 мекенжайдан 10 м3 су;
  • Қаратау ауданынан жалпы 1 мекенжайда 25м3 су шығарылды.
  • Тұран ауданынан жалпы 2 мекенжайдан 20 м3 су сорылды.

Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамы толық дайындыққа келтіріліп, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Алдағы уақытта ауа райы өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін ТЖД-ның жеке құрамы мен техникасы дайындыққа келтірілді, – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама