×

Талдықорғандағы әскери қызметшінің қазасы: марқұмның несиесі кешірілуі мүмкін

Майордың жерлеу рәсімінің шығыны толық өтелген

 Дәурен Ерболат 28.08.2023 | 11:05
Фото: dambiev.livejournal.com

Қорғаныс министрлігі Талдықорғандағы авиациялық базада болған қайғылы оқиғаға қатысты Halyq Uni редакциясының ресми сауалына жауап берді.

Биыл 15 тамызда Талдықорғандағы авиациялық базада жойғыш ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер қозғалып кетіп, төтенше жағдай тіркелді. Оқиға салдарынан №21751 әскери бөлімінің жойғыш авиациялық эскадрильясы инженерлік-авиациялық қызметі техникалық пайдалану бөлімінің басшысы, майор Батырқұлов Берік Бектанұлы қаза тапты. Ол 1978 жылы 8 желтоқсанда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданының Маяқұм ауылында дүниеге келген. Еңбек өтілі – 24 жыл. Артында жары мен 2 ұлы қалды.

Сондай-ақ қайғылы оқиғадан ефрейтор Усипалиев Айдын Қуатбекұлы зардап шекті. Ол 1989 жылы 24 қарашада туған. Қазір денсаулығы жақсы. Талдықорғандағы әскери госпитальде ем алып жатыр. Дәрігерлер оған «Жоғарғы үшінші жақ сол иығының ашық жарақатын алды, бұлшық еті зақымдалды» деген диагноз қойды», - деп жауап берді министрлік Halyq Uni тілшісінің сұраухатына.

Айдын Усипалиевтің еміне кететін барлық шығынды мемлекет өз міндетіне алған. 44 жастағы майордың отбасына жерлеу рәсімінің шығыны 80 АЕК (276 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) толық өтелген.

Сондай-ақ марқұм Берік Батырқұловтың отбасына әскери бөлімнің жеке құрамынан шығарылғанға дейін жалақысы мен ағымдағы тұрғын үй төлемі төленеді. Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (майор Берік Батырқұловтың отбасына, – автор) оның 5 жылдық айлығы төленеді, - деп жазылған хабарламада.

Әскери қызметшілердің несиесі кешіреле ме?

Майор Батырқұлов Берік Бектанұлы бойынша. Ресми түрде бөлім басшылығынан 2-дәрежелі банктердің басшыларына хат жіберіліп, бүгінде несиені кешіру қарастырылып жатыр, – деп жазылған сұраухат жауабында.

Несиесі бар әскери қызметшілер министрліктің бақылауында.

Берік Батырқұлов пен Айдын Усипалиевтің несиесі туралы ақпарат жасырын болып саналады. Сондықтан Бірінші кредит бюросына сұраныс жіберіңіз, - деп жазылған жауапта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама