×

Талдықорғандағы авиациялық базада әскери қызметші қаза тапты

Тағы бір әскери қызметші зардап шекті

 Халық үні 15.08.2023 | 17:16
"Жетыген" авиабазасы, фото авторы: Григория Беденко

15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер қозғалып кетіп, соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зардап шекккен екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама