×

Астанада инновация мен технология маманы Вивек Вадхваның шеберлік сабағы өтеді

Шараға отандық бизнестің көшбасшылары қатысады

 Халық үні 26.08.2023 | 14:04
Фото: dzen.ru

Астанада алғаш рет Силикон аңғарының инновация мен технология маманы Вивек Вадхваның бизнес көшбасшыларына уоркшобы өтеді.

Қазақстанның ең ықпалды Young Presidents Organization Kazakhstan бизнес клубы және Nobel Fest командасы жоғары технология саласындағы ең ықпалды 40 адамның бірі, Гарвард профессоры Вивек Вадхваның бизнес көшбасшыларына арналған шектеулі оқу бағдарламасын өткізеді.

Уоркшоп революциялық өзгерістерге сәтті бейімделу және технологиялық дамудың көш басында қалу үшін Силикон аңғарының алдыңғы қатарлы білім мен құралдарын алу мүмкіндігіне ұсынады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. 

«Экспоненциалды Инновация» уоркшобы «Серпінді инновация» курсына негізделген. Интенсив серпінді инновация дәуірінде компаниялар қалай құрылып, қалай бейімделетінін таныстырады, сонымен қатар бизнесті қалай кеңейту, қандай технологияларды пайдалану қажеттігі, алдағы 20 жылда қандай салалар құрылады және жаңа кәсіпкерлер қандай қасиеттерге ие болуы керек деген сұрақтарға жауап береді.

БАҒДАРЛАМА:

Екі күндік интенсивті уоркшоп аясында қатысушылар халықаралық сарапшылардан маңызды инсайттар алады:

  • Экспоненциалды өсу дәуіріндегі инновация: қиындықтар мен мүмкіндіктерді талдау.
  • Технологиялық конвергенция және оның бизнес пен қоғамға әсері.
  • Жаңа бизнес үлгілері мен ынтымақтастық әдістері.
  • Инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу құралдары.
  • Дәстүрлі және инновациялық әдістердің артықшылықтары мен шектеулері.
  • Технологиялық даму контекстіндегі этика және заңдар.

Вивек Вадхваның шеберлік сабақтары 25-тен астам елді қамтып, жүздеген құнды бастамалар мен әлемдік өнімдерге себеп болды. Бағдарлама болашақ өзгерістер мен жұмыс әдісінің өзгеруін түсіну құралдарын ұсынады. Ол әсіресе мыналарға маңызды:

  • Өз өнімдерін нарыққа бейімдеуге, ауқымды кеңейтуге және миллиардтаған мүмкіндіктерді табуға ұмтылатын стартаптар мен кәсіпкерлерге.
  • Мансап пен бизнесте өсудің жаңа бағыттарын іздейтін қызметкерлерге.
  • Жаңа бизнес-модельдер мен көп миллиард долларлық компанияларды дамыту жолдары туралы білгісі келетін басшыларға.
  • Озық технологияларды қолдануға мүдделі корпорацияларға.
  • Технологияларды біріктіру және шығармашылықты ашу үшін нормативтік базаны жасағысы келетін үкімет басшыларына.

Шеберлік сабағына бұған дейін 5 млрд АҚШ доллардан асатын әлемдік корпорациялардың басшылары қатысты. Олардың арасында Google, Microsoft, IBM, секіді технология алпауыттары, америкалық энергетика саласының көшбасшысы NextEra Energy, малайзиялық ірі көпұлтты Sime Darby конгломераты, жетекші америкалық Dominion Energy энергетикалық компаниясы, әлемнің 40 елінде кеңсесі бар жаһандық A.T. Kearney консалтингтік фирмасы, жапониялық көпұлтты Fujitsu компаниясы, еуропалық The Family стартаптар инкубаторы, панафрикалық Standard Bank қаржы компаниясы, ірі америкалық Nike спорт киімдері өндірушісі, жылдық бюджеті 30 млрд АҚШ доллары болатын ЗМ жаһандық ғылым компаниясы, - делінген хабарламада.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Уоркшоп: Экспоненциалды Инновация – кәсіпкерлер мен стартапшыларға әлемдік білім алу ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның жетекші 100 кәсіпкерімен кең байланыс құруға үлкен мүмкіндік.

Шара қатысушылары арасында Қазақстанның ТОП-100 кәсіпкерлері, инновациялық компания мен стартаптардың менеджменті бар:

  • Қанат Көпбаев – YPO Kazakhstan төрағасы, Kusto Group өнеркәсіптік холдингінің басқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі.
  • Исламбек Салжанов – «Altyn Qyran Group» қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
  • Дулат Тастекеев – Tas Group негізін қалаушы, меншік иесі және басқарушысы.
  • Мұхатаев Айдос – «Eurasia Copper PLC» негізін қалаушы және СЕО-сы.
  • Самат Даумов – Phoenix Mining тау-кен жобаларының және Turan Metals тең иесі, MYD production тең иесі, Grata International серіктесі.
  • Асхат Омаров – «BI Group Engeneering» басқарма төрағасы, «BI Group» холдингінің тең иесі.
  • Рауан Кенжеханұлы – Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы және СЕО-сы.

Шара қазақ және орыс тілдеріне синхронды аудармамен өтеді.

Орын саны шектеулі – http://ypo.nobel-fest.org/ сайтында тіркелуге асығыңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама