×

Астанадағы оқушының өлімі: қаладағы барлық мектеп тексерілді

5 арнайы комиссия құрылған

 Дәурен Ерболат 25.08.2023 | 14:42
Фото: ast.nis.edu.kz

Елордада оқушыға футбол қақпасы құлап, мерт болған соң барлық білім ордасы тексерілді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, 7 тамызда қаладағы №10 мектепте балаға футбол қақпасы құлап, ол оқиға орнында көз жұмған еді. Осыдан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі барлық мектепте спорт алаңдары тексерілетінін мәлімдеген болатын.

Қасымхан Сенғазыев бұл жұмыс елордада жүргізілгенін атап өтті.

Қайғылы оқиғадан кейін қаладағы 5 ауданда 5 комиссия құрылды. Олар бір апта бойы барлық мектептің аулалары мен спорт алаңдарын тексерді. Барлығы 100 мектеп тексерілді, – деді басқарма басшысы республикалық Тамыз кеңесінің кулуарында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама