×

Астана мектебінде оқушыға футбол қақпасы құлап, мерт болды – министр мәлімдемесі

Қазақстадағы барлық спорт алаңдары тексеріледі

 Дәурен Ерболат 08.08.2023 | 10:16
фото: ашық дереккөзден

Елордадағы баланың өліміне байланысты Қазақстан мектептеріндегі спорт алаңдары тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Білім басқармасы кешеден бері мектептегі барлық спорт алаңдарын тексеріп жатыр. Астанада ғана емес, еліміздегі барлық спорт алаңы мен инвентарь тексеріледі, - деді министр.

Қайғылы оқиға Астана қаласындағы №10 мектеп аумағында болған. 10 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Оқушы алған жарақаты салдарынан жан тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама